20:10, 28 Мамыр 2015 | GMT +5
Батысқазақстандық жас палуандар республикалық турнирден жеңіспен оралды
ОРАЛ. ҚазАқпарат - БҚО құрамасы Маңғыстау облысының Қарақия ауданында «Қызыл Жұлдыз» орденінің иегері, жауынгер-интернационалист С.Әлиевті еске алуға арналған 2001-2002 жылғы жасөспірімдер арасында қазақ күресінен өткен республикалық турнирде жалпыкомандалық есепте бірінші орынды иеленді.

БҚО дене шынықтыру және спорт басқармасынан түскен мәліметке қарағанда, аталған жарысқа Атырау, Маңғыстау, Жамбыл және басқа облыстардан командалар қатысты. Батысқазақстандықтардан 38 келі салмақта Ерік Есенаман чемпион атанса, Ерқанат Жасұланов күміс жүлдені еншіледі. Сондай-ақ, 42 келіде Дамир Қайырлиев екінші, 60 келіде Арманбек Дәулет екінші, 66 келіде Адалбек Меңдібай бірінші орынға ие болды.