Батысқазақстандықтар ел біріншілігінде жас боксшыларға үміт артып отыр

ОРАЛ. Қаңтардың 22-сі. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Батысқазақстандықтар Қостанай қаласында ересектер арасында ақпанның 1-8-інде өтетін ел біріншілігінде жастарға үміт артып отыр.
None
None
С.Қонақбаев атындағы бокс мектебінің директоры Қуаныш Уақасовтың ҚазАқпарат тілшісіне хабарлағанындай, алдағы додада он тоғыз жастағы Ержан Кәрімов пен Жанат Тулбаев, сондай-ақ он сегіз жасар Руслан Ақмолдашев сәтті өнер көрсетеді деген үміт бар. Одан кейінгі жастар арасында Алматыда өткен халықаралық турнирдің финалында кубалық боксшыны ұтқан Ерік Әлжанов, ағайынды Қайыржан, Қазбек Қажиевтер ерекше көзге түсіп келеді. Бұлар қазір Шымкентте Қазақстан жастар құрамасы сапында жаттығуда. Әрине, оларды ересектер арасындағы додаға қосып жіберуге сәл ертерек. Таяуда ересектер мен жастар арасындағы облыс біріншілігі өтіп, мықтылар анықталса, қазір кадеттер ішінен шеберлер даралануда.
Соңғы жаңалықтар