19:55, 01 Желтоқсан 2009 | GMT +5
«Батыссушар» РМК еліміздегі үздік ұйым атанды
ОРАЛ. Желтоқсанның 1-і. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - «Батыссушар» республикалық мемлекеттік кәсіпорны ҚР АШМ Су ресурстары комитетіне қарайтын мекемелер арасында өткізілген байқауда үздік атанды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің «Үздік ұйым» дипломы Қазбек Кенжеғалиев басшылық ететін мекемеге кәсіби шеберлігі мен жоғары өндірістік көрсеткіштері, жөндеу және басқа жұмыстарды уақтылы да сапалы атқарып, қаржылық есептен де кемшілік жібермегені үшін берілді. Ресейден келетін су беру жоспары да орындалып отыр.