Бауыржан Орынтаев Шымкент қалалық мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасына басшы болды

ШЫМКЕНТ. KAZINFORM – Шымкент қаласы әкімнің өкімімен мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының басшысы лауазымына Орынтаев Бауыржан Орынбасарұлы тағайындалды.

шымкент
Фото: Kazinform

Бауыржан Орынбасарұлы 1989 жылы 21 қаңтарда Созақ ауданы, Жартытөбе ауылында туған. М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін және Аймақтық әлеуметтік-инновациялық университетін бітірген. Мамандығы бойынша біліктілігі — жерге орналастыру, мемлекеттік және жергілікті басқару.

2011-2022 жылдары Созақ аудандық жер қатынастары бөлімінің бас маманы, Созақ аудан әкімі аппаратының бас инспекторы, бөлім басшысы, Созақ ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімінің басшысы лауазымдарында қызмет атқарды.

2022-2023 жылдары «Шымкент қалалық мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасы» мемлекеттік мекемесінде мәдениет және тарихи-мәдени мұраны сақтау бөлімінің бөлім басшысы және Шымкент қаласы әкімінің көмекшісі болып еңбек етті.

07.12.2023 жылдан бастап бүгінге дейін «Шымкент қалалық мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасы» мемлекеттік мекемесінде мәдениет және тарихи-мәдени мұраны сақтау бөлімінің басшысы лауазымында қызметте болды.

Соңғы жаңалықтар