11:01, 25 Қыркүйек 2010 | GMT +5
Бауке өзінің күшті рухымен өзіне өзі сенімін жоғалтқан адамдарды көтере алатын - жазушы Әзілхан Нұршайықов
ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ. Қыркүйектің 25-і. ҚазАқпарат /Галина Скрипник/ - «Бауке ерекше тұлға еді, ол өзінің күшті рухымен өзіне өзі сенімін жоғалтқан адамдарды көтере алатын», - деді «Бауыржан Момышұлының өмірі мен қайсарлығы» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция барысында сөйлеген сөзінде қазақстандық жазушы Әзілхан Нұршайықов.
Шығармаларын ондаған жылдар бойы түрлі жастағы оқырмандар сүйіп оқып жүрген Қазақстанның халық жазушысының естеліктерін осы конференцияға қатысқан қоғам өкілдері ыждаһатпен тыңдады.