Бауыржан Байбек Алматыда арзан қонақүйлер салынатынын айтты
«Қағанатқа» мысалы... Тексеріңіз. Көріңіз. Бізде өте көп дөнерлер бар (...) Қымбат емес. Дәмханалар да жетерлік. Мысалы, екі жыл бұрын мен келген кезде бесжұлдызды қонақүйлер көп болғанымен, Алматыда бар-жоғы 13 хостел ғана болған. Мен өзім де шетелдік бір туристің 57 мың теңгеге демалып кеткенін оқып таң қалдым. Қалайша тапты? Бүгінгі күні Алматыда 80 хостел бар. Грузияның өзінде қазіргі уақытта көптеген жастар рюкзактарын арқалап, елді аралай береді екен. 8-10 адам бір бөлмеде тұрады. Тамақтары тәтті. Бәрі де Еуропаның стандартына сәйкес. Біз де осындай қонақүйлерді салайық деп жатырмыз», - дейді Бауыржан Байбек.
Қала әкімі осындай қонақүйлерді тұрғызу мақсатында алматылық кәсіпкерлер Грузияға барып, тәжірибе алып келгенін атап өтті.
«Мысалы, шетелдік туристер жазда Алматыда палаткада ұйықтап, қаланы аралап жүреді. Бізде арзан бағада тамақтануға болады. Әлбетте, ол 500 теңгенің ішіне ішімдік кірмеуі мүмкін. Үш-төрт мәзір емес. Тамақтануға әбден болады», - дейді Бауыржан Байбек.