Бауыржан Момышұлының отаны халық батырының 100 жылдық мерейтойына әзірленуде

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ. Қыркүйектің 13-і. ҚазАқпарат /Галина Скрипник/ - Кеңес Одағының Батыры, жазушы Бауыржан Момышұлының отанында даңқты жерлесінің 100 жылдық мерейтойына әзірленуде.
None
None

ҚазАқпарат тілшісіне Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметнен хабарлағандай, Жуалы ауданында жүрген облыс әкімі Қанат Бозымбаев Бауыржан ауылында болып, мерейтой салтанатына әзірліктің барысымен танысты.

Батырдың жеке заттары сақталған мұражайды күрделі жөндеуге бюджеттен 37 млн. теңге бөлінді, оның 12 млн. теңгесі экспонаттарды жаңартуға жұмсалмақ.

Мұражайда батырдың ұлы Бақытжан Момышұлы мен келіні Зейнеп Ахметова сыйға тартқан жаңа жәдігерліктер пайда болды.

Қ.Бозымбаев Бауыржан Момышұлы аллеясында болып, ашық аспан астында өткізілетін шараларға әзірліктің барысымен танысты.

Қыркүйектің 24-25-і күндері Б.Момышұлы ауылында театрландырған көріністер, гала-концерт, ұлттық спорт түрлерінен жарыс өткізу жоспарлануда.

Соңғы жаңалықтар