«Бавария» 11 рет қатарынан футболдан Германия чемпионы атанды

None
ашық көздерден алынған фото
АСТАНА. ҚазАқпарат – Мюнхендік «Бавария» клубы 11 рет қатарынан футболдан Германия чемпионы атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Соңғы, 34-турда «Бавария» сырт алаңда «Кельнді» 2:1 есебімен тізе бүктірді.

Кингсли Коман 8-минутта мюнхендік команданы алға шығарды.

81-минутта Деян Любичич таразы басын теңестірді. 89-минутта Джамал Мусиала «Баварияға» жеңіс әперді.

Қатар өткен матчта дортмундтық «Боруссия» өз алаңында «Майнцпен» 2:2 есебімен тең түсті. Сөйтіп чемпион болатын мүмкіндігін пайдалана алмады.

Қос команда маусым қорытындысында 71 ұпайдан жинады, бірақ Томас Тухельдің шәкірттері қосымша көрсеткіштер бойынша чемпиондық атақты жеңіп алды.

Осылайша, «Бавария» өзінің рекордын жаңартты.

Мюнхендік клубты бұдан 11 жыл бұрын сол дортмундтық «Боруссия» тоқтатқан еді.

Юрген Клоптың басшылығымен «Боруссия» 2012 жылы жеңімпаз атанғанымен, содан бері сол нәтижесін қайталай алмай келеді.

Соңғы жаңалықтар