«Бавария» футбол клубын Adidas-тың жетекшісі басқарады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Adidas компаниясының жетекшісі Герберт Хайнер «Бавария» неміс футбол клубының президенті болмақ, деп жазады ИТАР-ТАСС. Бұл туралы жергілікті БАҚ хабарлайды.
None
None

Хайнер бейсенбі күні салық төлеуден жалтарғаны үшін сот үкімімен 3,5 жылға бас бостандығынан айырылған Ули Хенестің орнына отырады. Прокуратураның мәліметінше, Хенесс мемлекет бюджетіне 27,2 млн евро көлемінде залал келтірген. Айыптаушы тарап оған 5,5 жыл сұраған еді. Алайда сот оның өткен жылдың ақпан айында өз кінәсін мойындап келгенін, бұған дейін сотталмағанын ескеріп, жазаны 3,5 жылға қысқартты.

Соңғы жаңалықтар