Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

«Бави» тайфуны Жапонияның Окинава аралдарына жетті

АСТАНА. KAZINFORM – Қуатты «Бави» тайфуны сенбі күні Жапонияның Окинава префектурасындағы Сакисима аралдарына жетті. Осыған байланысты Жапонияның Метеорологиялық агенттігі тұрғындарды қатты жел, нөсер жаңбыр, биік толқындар мен теңіз деңгейінің көтерілу қаупіне байланысты сақ болуға шақырды, деп хабарлайды Jiji Press.

тайфун
Фото: WAM

Жергілікті уақыт бойынша сағат 12:50-дегі мәліметке сәйкес, биылғы тоғызыншы тайфунның орталығындағы атмосфералық қысым 950 гектопаскаль болды. Желдің тұрақты жылдамдығы секундына 40 метрге, ал екпіні секундына 55 метрге дейін жеткен.

Мияко аралында таңғы сағат 03:50 шамасында желдің екпіні секундына 40 метрге жетсе, Исигаки аралында сағат 03:40-тан кейін бұл көрсеткіш секундына 34 метр болған.

Симодзи аралында таңғы сағат 09:20-ға дейінгі соңғы 24 сағат ішінде 154,5 миллиметр жауын-шашын түскен.

Болжам бойынша, тайфун түн ортасынан кейін Қытайдың құрлық бөлігіне жетіп, сейсенбі күні таңертең тропикалық циклонға дейін әлсірейді.

Бұған дейін Тайваньға соққан «Бави» тайфуны салдарынан кемінде 36 адамның жарақат алып, 14 мыңнан астам тұрғынның эвакуацияланған еді.

Сондай-ақ Жапонияда «Бави» тайфунына байланысты жүздеген әуе рейсі тоқтатылды.