Баянауыл туристік компаниялардан түсетін салықтың елеулі бөлігін жоғалтып отыр

ПАВЛОДАР. KAZINFORM — Мәселен өткен жазда туризм саласынан аудан бюджетіне небәрі 30 млн теңге кіріс кірген. Бұған туристік аймақта қызмет көрсететін субъектілердің өзге өңірлерде тіркелуі себеп болып отыр.

Баянауылда қысқы туризм ашылды
Фото: Валерий Бугаев

Баянауыл ауданының әкімі Ардақ Кісентаевтың айтуынша Жасыбай, Торайғыр, Сабындыкөл аймақтарында туризм қанат жайып келеді. Жыл сайын мұнда келетін демалушылар саны да ұлғая түскен. Алайда өңір бұл игілікті шын мәнінде сезіне алмай отыр, салық арқылы түсетін төлемдер мардымсыз.

— Біздің ауданда ауыл шаруашылығы мен өнеркәсіп жолға қойылған. Бұлар негізінен Майкөбе, Сарыкөл, Талдыкөл, Керегетас, Майқайыңалтын кеніштері. Ал туристік саладан былтыр 30 млн теңгедей ғана салық түсті. Мұнда 60-тан астам жеке субъектілер қызмет көрсетсе, солардың 19-ы ғана ауданымызда тіркелген. Өзгесі Алматыда, еліміздің басқа қалаларында тіркеліп тұр. Соған орай олардың салық органдары арқылы бақылау мүмкін емес, — дейді ол.

Соңғы жылдары аудан билігі 6 кәсіпкермен сөйлесіп, оларды жергілікті жерде тіркелуге көндірген. Алайда олар жазда ғана жұмыс істеп, кейін келген жақтарына тайып тұрған.

Бұған дейін Баянауылда қысқы туризм ашылғаны туралы жазғанбыз. 

Соңғы жаңалықтар