Баянауыл ұлттық паркінде өрттің таралуы бақылауға алынды
АСТАНА. KAZINFORM – 16 қыркүйектегі жағдай бойынша Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің Далба бөлімшесі аумағындағы өрттің одан әрі таралуы бақылауға алынды
Өрт сөндіру күштерінің жедел әрі үйлесімді жұмысының нәтижесінде жалынның жаңа аумақтарға таралуына жол берілмеді. Қазіргі уақытта өрт ошақтарын бақылау, сөндіру және қайта тұтануға жол бермеу жұмыстары жалғасып жатыр.
Оқиға орнындағы жағдай Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті төрағасының орынбасары Ерлан Құтпанбаев пен Мемлекеттік бақылау, орманды қорғау және сақтау басқармасының басшысы Жолбарыс Нияздың тікелей бақылауында.
Өрттің қайта тұтануына жол бермеу мақсатында тиісті жұмыс жалғасып жатыр.
Айта кетелік Баянауылда ұлттық паркке қарасты жерлер өртеніп жатқаны туралы жазған едік.