Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

«Баянауыл» ұлттық табиғи паркінде өрт шықты

АСТАНА. KAZINFORM – 2026 жылғы 20 шілде күні сағат 09:23-та «Баянауыл» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің Жасыбай бөлімшесі аумағындағы 21-орам, 31-бөлімде өрт ошағы анықталды. 

«Баянауыл» ұлттық табиғи паркінде өрт шықты
Фото: видеодан алынған скрин

Өрттің ауданы 0,003 гектар.

Өртті сөндіруге «Баянауыл» МҰТП орман күзеті қызметінің күштері мен құралдары, «Қазавиорманқорғау» РМКҚ, жұмылдырылды.

20 шілде күні сағат 10:54 өрттің таралуы оқшауланды.

Қазіргі уақытта толық сөндіру және өрт орнын бақылау жұмыстары жүргізіліп жатыр. 

Айта кетелік «Семей орманы» резерватындағы орман өрті оқшауланған еді