Баянауылда «Бизнес-Кеңесші» бағдарламасы басталды - Павлодар облысы

ПАВЛОДАР. 7 маусым. ҚазАқпарат - Баянауыл ауданында мәдениет пен ғылым саласындағы танымал адамдармен «Бизнес-Кеңесші» бағдарламасы басталды, деп хабарлады «Даму» Қоры» АҚ-ның өңірлік бөлімшесі.

Баянауылда «Бизнес-Кеңесші» бағдарламасы басталды - Павлодар облысы

Өз ісіне маман қызметкерлер бизнесмендерді кәсіпкерлік қызметтің психологиясымен таныстырып, маркетингтің қыр-сырларын үйретті, қызмет атқару кезінде қажетті құқықтық білім берді.

Семинардың қорытындысы бойынша оған қатысқан барлық 40 адам сертификат мен электронды нұсқадағы құжатқа ие болды.

2012 жылы «Бизнес-Кеңесші» бағдарламасы бойынша топтарға бөліп оқытылмақ, мәселен, жаңадан бастағандар, әлеуетті кәсіпкерлер және қызмет атқарып жүрген кәсіпкерлер. «Даму» Қоры аталмыш бағдарламаның операторы.

Павлодар облысы «Бизнес-Кеңесші» бағдарламасын іске асыруда Қазақстан бойынша алғашқы болып кірісті. Өткен жылдан бастап «Даму» Қоры» АҚ 786 адамды оқытып, кәсіпкерліктің қыр-сырын үйретті.