Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Баянауылда Еуразиялық корпорация кәсіпорындарының жастары туристік слет өткізді

ПАВЛОДАР. 11 тамыз. ҚазАқпарат - Еуразиялық корпорация кәсіпорындарының жастары бірінші рет туристік слет өткізді, деп хабарлады «Қазақстан алюминийі» АҚ-ның баспасөз қызметінен.

Баянауылда Еуразиялық корпорация кәсіпорындарының жастары туристік слет өткізді

Республиканың аймақтарынан 50-ден астам кеншілер мен металлургтер Баянауыл ауданындағы Сабындыкөл көлінің жағасында орналасқан Ақсу ферроқорытпалар зауытының «Факел» демалыс үйіне жиналды.

Белсенді демалыстың әуесқойлары бақылаулық бағытты өтуде, спорттық тұспалдау, туристік өлең және тағы басқа сайыстар бойынша жарысты. Қатысқан барлық алты команда тамаша спорттық шеберлік пен аман қылу дағдыларын көрсетті.

Жалпыкомандалық есепте «Қазхром» трансұлттық компаниясы, Серов ферроқорытпалар зауыты және Еуразиялық энергетикалық корпорациясының командалары жүлдегер атанды. «Экономикалық күрделі еңбекке қарамастан ENRC өзінің жұмыскерлері үшін мыңдаған адамнан тұратын ұжымымызды біріктіретін шаралар өткізеді. Келесі туристік слет оның қатысушыларына ұмытылмас әсер қалдыратынына сенімдімін», - деп атап өтті Баянауылда болғандардың бірі, Қазақстан электролиздік зауытының құюшысы Суат Солтаниманов.