Баянауылда Жеңіс тойы қарсаңында Даңқ мемориалы жаңартылады

ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ. Қаңтардың 14-і. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Баянауылда Жеңіс тойы қарсаңында Даңқ мемориалы жаңартылады.
None
None

«Ескерткіш композициясына «Аза тұтушы ана» бейнесі қосылады, -деп хабарлады село әкімі Уәлихан Жаңашев. - Композицияның басты бейнесі - жауынгер мүсіні жаңартылады, мемориал алаңына тақташалар төселеді».

Даңқ саябағын жаңарту барысында ол жерге жаңа сәкілер қойылады және гүлзарлар отырғызылады, аллеяларға шамдар орнатылады. Мемориалды жаңартуға қаражат жергілікті бюджеттен және «Жол картасы» бағдарламасы бойынша бөлініп отыр.

Соңғы жаңалықтар