Байден атысты тоқтату туралы мәлімдемесінен бас тартты

АСТАНА. KAZINFORM – АҚШ президенті Джо Байден осы аптаның басында Израиль мен ХАМАС арасындағы атыс жақын арада тоқтайтыны туралы мәлімдемелерінен бас тартты. Бұл туралы Aljazeera жазды.

Байден
Фото: EPA-EFE

Ақ үйде сұхбат алған тілші одан алдағы күндері келісімге келуге әлі де үміт бар ма деп сұрағанда, ол былай деп жауап берді:

«Үміт мәңгілікке созылады. Мен өңір тұрғындарымен телефон арқылы сөйлестім. Дүйсенбіге дейін емес шығар, бірақ мен үміттенемін», – деп қосты Байден.

Содан бері ХАМАС өкілдері Байденнің оптимизмі «жердегі шындықпен жанаспайды» деп мәлімдеді.

Бейсенбі күні Израиль премьер-министрі Нетаньяху «Соғыстағы барлық мақсаттарға қол жеткізбей тұрып оны тоқтату үшін халықаралық қысымды қабылдамайтынын» айтты.

«Бұл қысымдар өсіп, күшейіп жатса да, біздің күш-жігеріміз ең маңызды дипломатиялық аренада өз жемісін беруде, бұл, әрине, Америка Құрама Штаттары», – деді ол америкалықтардың 82 пайызы Израиль мен Газа арасындағы соғысты қолдайтынын көрсеткен кейбір қоғамдық сауалнамаларға сілтеме жасай отырып.

Соңғы жаңалықтар