Байден Газа секторында бейбітшілік орнатуға күш салғаны үшін Трамптың мақтауын асырды

АСТАНА. KAZINFORM — АҚШ-тың бұрынғы президенті Джо Байден Ақ үйдің қазіргі басшысы Дональд Трамптың Газа секторында бейбітшілік орнату жолындағы күш-жігерін жоғары бағалады. 

Байден Газа секторында бейбітшілік орнатуға күш салғаны үшін Трамптың мақтауын асырды
Фото: Kazinform

— Соңғы 20 аман қалған тұтқын үшін, олар адам сенгісіз тозақты бастан өткеріп, ақыры өз отбасыларымен және жақындарымен қайта қауышқанына, сондай-ақ өлшеусіз зардап шеккен Газа тұрғындары үшін — олар енді өмірлеріне қайта оралуға мүмкіндік алатынына — мен шын жүректен ризамын және қуаныштымын, — деп жазды Байден X парақшасында, — деп жазды Байден Х-тегі парақшасында. 

Бұрынғы президент атап өткендей, оның әкімшілігі де кепілге алынғандарды үйлеріне қайтару, палестиналық бейбіт тұрғындарға көмек көрсету және соғысты тоқтату үшін аянбай еңбек етті.

— Мен президент Трамп пен оның командасының атысты тоқтату туралы түпкілікті келісімге қол жеткізудегі күш-жігерін жоғары бағалаймын, — деп қосты ол.

Еске сала кетсек, Газа секторындағы Израиль мен Палестина күштері арасындағы атысты тоқтату туралы келісім 10 қазан күні жергілікті уақыт бойынша түс кезінде (Астана уақыты бойынша 14:00) күшіне енді.

Бұған дейін Трамп Ақ үйдегі Байден портретінің орнына автоқалам суретін орнатқанын жазған болатынбыз. 

Соңғы жаңалықтар