Байден қуықасты безі қатерлі ісігін емдеу курсын аяқтады

АСТАНА. KAZINFORM — Мамыр айында қуықасты безі қатерлі ісігінің агрессивті түріне шалдыққан АҚШ-тың бұрынғы президенті Джо Байден сәулелік терапия курсын аяқтады, деп хабарлайды NBC News.

Байден завершил курс лечения рака предстательной железы
Фото: Facebook/Tulane University

82 жастағы Байден бес апта бойы «сәулелік терапия мен гормондық емдеуден» өтті.

Бұрынғы президент қосымша емделуді немесе күтімді қажет ете ме, ол белгісіз. 

Өткен айда Байденге тері қабаттарын алып тастауды қамтитын, Мос әдісі бойынша ота деп аталатын терінің қатерлі ісікті емдеу курсы өткізілді. 

Еске сала кетсек, дәрігерлер 16 мамыр күні АҚШ-тың экс-президенті Джо Байденнен қуықасты безі қатерлі ісігінің агрессивті түрін анықтады. 

Соңғы жаңалықтар