Байкал деңгейі нормадан 26 см төмендеп, жаңа рекорд орнатты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Байкал көлінің деңгейінің (қазір ең төменгі белгісі 456 метр) төмендеуі сәуір айында да тоқтамай отыр. Ол белгіленген ең төменгі көрсеткіштен 26 см төмендеді.
None
None

Бұл туралы мәліметтер Ресей су ресурстары сайтында жарияланды.

Сарапшылардың бағалауынша, Байкал табиғи түрде судың азаюы кезеңіне өтті. Ол ширек ғасырға дейін созылуы мүмкін. 1962 жылдан Байкал деңгейі 11 рет 456 метр белгісінен төмендеген. Соның ішінде ең төменгі көрсеткіш - 455,27 м - 1982 жылы тіркелген.

Соңғы жаңалықтар