Байкалда мұз астына кеткен көліктен жеті адамның мәйіті табылды

АСТАНА. KAZINFORM — Ресейде Байкал көлінде қытайлық туристер мінген «УАЗ» автокөлігі мұз астына түсіп кетті, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің Мәскеудегі меншікті тілшісі. 

Байкалда мұз астына кеткен көліктен жеті адамның мәйіті табылды
Фото: ТАСС

Иркутск облысының прокуратурасы мәліметінше, Иркутск облысы аумағындағы Байкал көлінде, Ольхон аралының Хобой мүйісі маңында мұз астына кеткен «УАЗ» көлігінде сегіз турист болған.

Олардың біреуі аман қалған, қалған жолаушылар мен жүргізушіні іздеу жұмыстары жүргізілді.

Өңірлік Ресей ТЖМ құтқарушылары көлік батқан жерді тексеру барысында жеті адамның мәйітін тапқанын хабарлады. Іздеу жұмыстары суасты камерасының көмегімен жүргізілген. Алдағы уақытта сүңгуірлердің қатысуымен қосымша жұмыстар жоспарланған.

Алдын ала мәлімет бойынша, көлік жүріп бара жатып ені шамамен 3 метр болатын мұз астына түсіп кеткен. Оқиға орнындағы тереңдік 18 метр болған.

Аталған дерек бойынша прокурорлық тексеріс басталып, қауіпсіздік талаптарына сай келмейтін қызмет көрсету (ҚР ҚК-нің 238-бабының ұқсас нормасы) және салғырттық (293-баптың 3-бөлігі) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Оқиғаның барлық мән-жайы, себептері мен жағдайлары анықталып жатыр.

Прокуратура дерегіне сәйкес, аман қалған турист құтқарылған.

Оқиға туралы ҚХР Бас консулдығы Иркутскіде хабардар етілген.

Соңғы жаңалықтар
Референдум