Байкерлер - жол қауіпсіздігі үшін!

Екі дөңгелекті көлікке құмар 50 шақты байкерлер жол қозғалысы қауіпсіздігіне азаматтардың көңілдерін аудару үшін қаланың орталық көшесінде жиналды. Жол инспекторларымен бірге олар жүргізушілерді Жол ережелерін сақтауға шақырып, барлық жол қозғалысына қатысушыларға үгіт-насихат қағаздарын таратты. Байкерлердің айтуынша, оларды мотоциклдерге, жылдамдыққа деген сүйіспеншілікпен қатар, балаларға деген махабат та біріктіреді. Олардың бәрінің де өз балалары бар, сол себепті полицейлердің бұл ұсынысын бірден қолдап, акцияға белсенді қатысты. «Балалар біздің болашағымыз, біз оларды қорғауымыз керек. Өзіміздің әрекетімізбен автокөлік, мотоцикл және жаяу жүргіншілерді ереже сақтауға шақырамыз. Барлығымыз аман-сау болсақ дейміз», - дейді олар.
Жол полициясы экипаждарының сүйемелдеуімен мотоциклшілер сапы Петропавлдың орталық көшелерімен жүріп өтті. Қала ішінде өздерін ыңғайсыз сезінетін нағыз шеберлер қала шетіне шыққан соң барын салып өнерлерін көрсетті.
СҚО ІІД Жол полициясы басқармасының бастығы, полиция полковнигі Ақпан Дүкетбаевтың айтуынша, жол сақшылары облыстың барлық мектептерінде жол ережелерін үйрету сабақтарын жүргізуде, қаладағы баннерлерде және телеарналарда жол ережелерін сақтауға арналған роликтер көрсетілуде. Мектеп маңдарында жол инспекторлары кезекшілік атқаруда. Жүргізушілермен түсіндіру жұмыстары өткізілуде. Осы шаралардың барлығы балалардың қатысуымен болатын апаттардың алдын алуға көмектесетінін болады.
«Абайлаңыз, балалар!» акциясы қыркүйектің соңына дейін жалғасатын болады. Осы кезеңде жол полицейлері балалар арасындағы жарақат алудың алдын алу үшін кешенді шаралар жүргізбек.