«Байқоңыр» ғарыш кешені 60 жылдығына дайындалуда
Байқоңыр ғарыш айлағының жылнамасында құрылысшылардың алғашқы десанты лейтенант Денежкиннің взводы болғаны айтылады. Бірегей нысанды жобалауды КСРО Қорғаныс министрлігі Арнайы құрылысты жобалау орталық институты жүзеге асырған. Оның бас инженері болып А.А. Ниточкин тағайындалды.
Байқоңыр қаласы ғарыш айлағының ресми құрылған күні 1955 жылғы 2 маусым саналады. Сол кезде КСРО Қорғаныс министрлігінің басшысы Байқоңыр атын алған бесінші сынақ полигонының ұйымдастыру-штаттық құрылымына қол қойған.
Алғашқы құрылысшылардың бастапқыда шатырлар, жеркепеде тұрып, ауызсудың жоқтығына, қатты аяздар мен 45 градустық ыстықтарға төзуіне тура келді.
Құрылыс басталғаннан кейін небәрі екі жылдан кейін - 1957 жылғы 15 мамырда Байқоңыр қаласында Р-7 зымыраны алғаш рет ұшырылды, 4 қазанда жердің жасанды серігі ұшырылды. 1961 жылы 12 сәуірде алғашқы ұшқыш Юрий Гагаринмен «Восток» ғарыш кемесі ұшырылды.
2015 жылғы 2 маусымда «Байқоңыр» ғарыш кешенінің 60 жылдығына орай Байқоңыр қаласы мен ғарыш айлағында салтанатты шара өтеді. Мерейтойды ұйымдастыру және мерекелеу жөніндегі ұйымдастыру комитеті құрылады.