Байқоңырда ғарыш кемесі техникалық ақауға байланысты ұшпай қалды

БАЙҚОҢЫР. ҚазАқпарат - «Прогресс МС-07» жүк кемесі бар «Союз 2.1а» зымыран тасығышы техникалық ақаулыққа байланысты ұшырылмай қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Байқоңырда ғарыш кемесі техникалық ақауға байланысты ұшпай қалды

«12 қазанда Байқоңырдан ұшырылуы тиіс «Прогресс МС-07» кемесі автоматиканың істен шығу салдарынан сапарын шегерді. Оның себебін мемлекеттік комиссия анықтаған», - деді РФ вице-премьері Дмитрий Рогозин журналистерге.

Соңғы уақытта Роскосмос Байқоңыр ғарыш айлағының ұшырымдарын онлайн режимде көрсетіп жүр. Ұшырылым жоспар бойынша жүріп жатты. Соңғы сәтте репортаж жүргізуші «Прогресс МС-07» кемесін ұшыру 14 қазанға ауыстырылғандығын хабарлады.