Байқоңырда халық өнерінің көрмесі өтуде

ҚЫЗЫЛОРДА. Наурыздың 31-і. ҚазАқпарат /Руслан Игілік/ – Ғарыш кешені мұражайында ашылған "Біздің қолмен жасалған әдемі әлем" көрмесі келушілерді тамсандырды,

Байқоңырда халық өнерінің көрмесі өтуде
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.Көрмені қызықтаушылар сәндік-қолданбалы бұйымдармен танысуға мүмкіндік алды. Мұнда негізінен еңбек ұжымдарындағы түрлі мамандық иелері мен мектеп оқушыларының жүзге жуық туындылары қойылған. Олардың қатарынан өзіндік өрнектерге бай ұлттық құндылықтарымызды да көруге болады. Сәуір айының басында мәреге жететін көрме қорытындысында озық үлгілердің иелері анықталып, лайықты марапатқа ие болады.