11:12, 21 Қаңтар 2009 | GMT +5
Байқоңырда кәсіпкерлікті қолдаудың үш жылдық бағдарламасы қабылданды
ҚЫЗЫЛОРДА. Қаңтардың 21-і. ҚазАқпарат /Руслан Игілік/ - Байқоңыр қалалық әкімдігі кәсіпкерлікті қолдаудың үш жылдық бағдарламасын қабылдап, оны жүзеге асыру үшін 6 млн. теңгеге жуық қаражат бөлді,

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.Ресейлік атқарушы билік жергілікті шағын және орта бизнес өкілдеріне өткен жылы 537,3 мың рубль (2 млн. 535 мың теңге) бөлген еді. Биылғы қаражат көлемі қомақтылау. Осындай шаралар арқылы күнделікті тұрмысқа қажетті өнім түрлерін ұсынушылар қатарын көбейту межеленіп отыр.