Байқоңырда қазақстандықтар қатары көбейіп келеді

ҚЫЗЫЛОРДА. Қаңтардың 21-і. ҚазАқпарат /Руслан Игілік/ – Өткен жылдың қорытындыларын жариялаған ресейлік атқару билігінің ресми мәліметтеріне сүйенсек, Байқоңыр қаласы тұрғындарының саны 68811-ге жеткен. Оның 39,6 пайызын ресейліктер құраса, отандастарымыздың үлесі – 39130 адам, яғни, 56,8 пайыз,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Бұл көрсеткіштен демографиялық дүмпу мен қалаға қоныстанушы қандастарымыздың есебінен қазақстандықтардың қатары көбейе түскенін аңғарамыз. Ал осыдан он жыл бұрын өткізілген ұлттық халық санағында 55 мың байқоңырлықтың 28 776-сы ғана отандастарымыз еді.
Соңғы жаңалықтар