17:55, 21 Қаңтар 2009 | GMT +5
Байқоңырда жұмыссыздық жәрмеңкесі дәстүрге айналды
ҚЫЗЫЛОРДА. Қаңтардың 21-і. ҚазАқпарат /Руслан Игілік/ - Байқоңырда "Еңбекпен қамту орталығы" жұмыссыздар жәрмеңкесін жиі өткізуді дәстүрге айналдырды,

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Жәрмеңкелерде жергілікті кәсіпорындар тарапынан 800-ге жуық маманға сұраныстың 80 пайызын жұмысшыларға деген қажеттілік құрады. Ғарыш айлағы басшыларының мәлімдеуінше, әскери бөлімшелердің қысқаруына байланысты қызметтен босағандардың бірде-біреуі шетқақпай қалмайды. Олардың қатарында келісімшартпен қабылданған қазақстандықтар да бар.