12:50, 10 Мамыр 2012 | GMT +5
Байланыс операторы tilim-elim.kz интернет сайтын жасады
АЛМАТЫ. 10 мамыр. ҚазАқпарат - Бүгін Алматыда «КаР-Тел» ЖШС қазақ тілін қолдауға бағытталған «Менің тілім әдемі!» деп аталатын әлеуметтік жобаны іске қосқанын жариялады.

Бұл үшін олар tilim-elim.kz интернет сайтын жасаған. Жоба қазақстандықтарды қазақ тілінде бейнероликтерді жасауға жаппай тартуға бағытталып отыр. Онда И.Крыловтың «Қарға мен түлкі», «Піл мен қанден», «Шегіртке мен құмырсқа» мысалдарының Абай Құнанбайұлы аударған аудионұсқасы жүктелген. Әрбір ниет білдірген қазақстандық өзіне ұнаған үзіндіні таңдап алып, оны веб-камера немесе ұялы телефонның камерасына түсіріп, сайтқа жүктей алады. Бір ай ішінде үздік деп танылған бейнеүзінділерден үш бейнеролик жасалады. Жоба барысында үздік жыршыны анықтау мақсатында дауыс беру ескерілген. Ең белсенді қатысушыларға сыйлықтар табыс етіледі.