13:40, 07 Маусым 2014 | GMT +5
Байлар да жылайды: Әлемнің үздік бапкері қызының тойында көз жасына ерік берді (ФОТО)
АСТАНА. ҚазАқпарат - Чемпиондар лигасының жеңімпазы мадридтік «Реалдың» бас бапкері Карло Анчелотти қызын тұрмысқа берді, деп хабарлайды Еurosport.
Атақты жаттықтырушы өзінің командасында ойнайтын бірде-бір футболшыны қызының тойына шақырмаған екен. Есесіне оны құттықтауға бұрынғы клубы «Милан» мен қазіргі жұмыс орны - «Реалдың» басшылық құрамы түгел келіпті. Ең салтанатты сәтте - сақина салу кезінде Карло Анчелоттидің көңілі босап, көз жасын сүртіп жатқан суреті әлемдік БАҚ-та тарап кетті.