Байлық салығын енгізуде ЕО елдері мен АҚШ-тың мысалын зерттеп жатырмыз – Әлібек Қуантыров

None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Байлық салығын енгізуде Еуропалық Одақ елдері мен АҚШ-тың мысалы зерттеліп жатыр. Бұл туралы Үкімет кулуарында ҚР Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров мәлім етті.

«Байлық салығын енгізу бойынша бірнеше елдің тәжірибесі бар. Біз оның бәрін қарастырып жатырмыз. Франция бар, мысалы. Одан кейін Еуропалық Одаққа мүше бірнеше елдің мысалы бар. Сондай-ақ, АҚШ-тың тәжірибесі бар. Басқа да мысалдар бар. Оның бәрін қарастырамыз»,- деді министр.

Сондай-ақ, ол байлық салығы енгізілсе де, ауқаттылар мүлігін өзгенің атына жазғыза қоймайды деген болжам айтты.

«Мен олай болады деп ойламаймын. Өйткені байлық салығы жеке яхта, жеке ұшақ сияқты дүниелерге салынады. Өте ірі сомаға мүлік сатып алғандарға қатысты. Ондай азаматтар соншалық көп емес қой», - деп жауап берді ведомство басшысы.


Фото: t.me/KZgovernment



Соңғы жаңалықтар
telegram