Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

«Бәйтерек» алдында адамдар ұзын-сонар кезекте тұр

АСТАНА. ҚазАқпарат - Елордадағы «Бәйтерек» монументінде 2017 жылдың қаңтарынан бері күрделі жөндеу жүргізіліп, маусым айында көпшілік үшін есігін қайта ашқан болатын. Содан бері аталған нысанға баруға ниеттілер ұзын-сонар кезекке тұрып жатқаны байқалуда. Астана күнін атап өту шаралары басталғалы монументтің маңында еліміздің басқа өңірлерінен келген қонақтардың және шетелдік туристердің қарасы қалыңдады. 

«Бәйтерек» алдында адамдар ұзын-сонар кезекте тұр

«Астана Бәйтерек» ЖШС өкілдері елордадағы осы маңызды нысанның маңындағы ұзын-сонар кезектің себебін түсіндірді. Диспетчердің сөзіне қарағанда, соңғы күндері монументтегі «Аялы алақан» таңбасына алақанын қоюға ниетті қала меймандарының саны күрт артқан.

«Адамдар «Бәйтерек» ішіндегі аталған таңбаға алақандарын қою үшін кезекте тұрады. Бұдан басқа ешқандай шара өтіп жатқан жоқ»,-дейді диспетчер.

Оның айтуынша, осындай кезек монумент алдында жыл сайын байқалады.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Астанадағы Бәйтерек монументінде 2017 жылдың қаңтарынан бері күрделі жөндеу жүргізілді.

Монументте LED-экраны бар заманауи өнер галереясы ашылды, онда суретшілер өз жұмыстарын қоя алады. Сондай-ақ, фойеде габаритті иілгіш дисплей қойылған. Жаңа дизайнның тағы бір артықшылығы - монументтің күмбезінің астында орнатылған хрусталь люстра. Люстраның 90 проценті таза хрустальдан тұрады және ұшатын мифтік құстар іспетті жасалған. Ол арнайы Чехиядан әкелінген.

«Бәйтеректі  көруге 15 жылдың ішінде бес-алты миллион адам келді. Қазіргі таңда республиканың барлық өңірінен «Бәйтерекке» келу үшін көптеген өтініштер түсті. Тек оқушылардың өзі 40 мыңға жуық болады деп күтілуде. Балалар үйінің тәрбиеленушілері, зейнеткерлер, ардагерлер бұрынғыша тегін кіреді», - деп хабарлады «Астана Бәйтерек» ЖШС директоры Мұрат Сапарғалиев.

1

2

3

4