«Бәйтерек» БК» АҚ бас директоры тағайындалды

«2013 жылғы 26 қыркүйектегі №25 хаттамасына сәйкес, «Бәйтерек» Қазақстан-Ресей бірлескен кәсіпорны» АҚ акционерлерінің кезектен тыс жалпы отырысында сырттай дауыс берудің нәтижесінде 2013 жылғы 26 қыркүйекте Қуат Мұстафинов «Бәйтерек» БК» АҚ бас директоры болып тағайындалды», - деп айтылған Қазғарыш баспасөз қызметінің хабарламасында.
Қ. Мұстафинов Ұлы Октябрьдің 60 жылдығы атындағы Ярославск жоғары зенитті зымыран командалық училищесін бітірген, ол сондай-ақ, Тверь қаласындағы әуе шабуылынан қорғану мамандарын дайындайтын әскери университеттің түлегі болып табылады. ЖОО-ны бітіргеннен кейін біраз жылдар КСРО, Қазақстан Қарулы күштері қатарында кадрлық әскери офицер қызметін атқарды. 2010 жылғы 13 қаңтардан бастап, «Бәйтерек» БК» АҚ бас директорының орынбасары - «Байқоңыр» кешеніндегі филиалдың директоры қызметін атқарған.
Қ. Мұстафинов соңғы 2 жылда «Бәйтерек» БК» АҚ бас директорының міндетін атқарған.