Байырғы заманғы Ақыртас қаласында 4 метрлік іргетас пен жерасты өтпе жол бар

ТАРАЗ. 30 тамыз. ҚазАқпарат - Қырғыз Алатауының баурайында, Тараздан шығысқа қарай 40 шақырым жерде орналасқан көне заманғы Ақыртас қаласында 4 метрлік іргетес бар.

Байырғы заманғы Ақыртас қаласында 4 метрлік іргетас пен жерасты өтпе жол бар

Бұл сенсациялық мәлімдеме көне шаһардың аумағында өткен «Ақыртас сарай кешенінің тарихы» атты конференция барысында айтылды. 

«Ақыртас» 1861 жылдан бастап ғылыми үндеуге енді. Сол кезден бастап шығыстанушылардың көбісі Ақыртасты зерттеумен болды, алайда олар мемлекеттік «Мәдени мұра» бағдарламасы бойынша зерттеу кешенінің барысында ашылған шаһардың іргестаспен қаланғанынан бейхабар болған. Аталмыш бағдарлама 2005 жылдан бастап жүргізіліп келеді, оған жыл сайын 50 млн. теңгеге дейін қаражат бөлініп тұрады», - деді «Көне Тараздың ескерткіштері» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайының директоры Тәкен Молдақынов.

Т. Молдақыновтың пікірінше, жүргізілген кешенді археологиялық жұмыстардың нәтижесінде бүгінгі күні Ақыртастың біздің заманымызға дейін 8-ші ғасырға жататынын сеніммен айтуға болады. Бұл шаһар қойма бөлмелері мен су құбырлары және тұрғын жайлары бар күрделі кешен болған. Алып тастардан қалаған тікбұрышты іргетас 4 метр тереңдікке дейін салынған.

«8-ші ғасыр - ислам дініне қарай бет бұру, өркендеу. Орталық Азия бойынша Ақыртасқа ұқсас мұндай екінші ескерткіш жоқ. Оның кейбір белгілері мысырлық пирамидаларды еске түсіреді, бұған тастың өңделуі мен басқа да егжей-тегжейлі жұмыстар дәлел. Жеке бөлінділер мен мінберлер Таяу Шығыс архитектуралық үлгілеріне сай келеді», - деді жамбылдық тарихшы.

Сондай-ақ Т. Молдақынов археологиялық жұмыстың барысында Ақыртастың құрылысына тас әкелу үшін Тас сарайдан батысқа қарай бағытталған жерасты өтпе жолы анықталғанын айтты. 

«Бұл таулы жер бетонға ұқсас, су 180 метрлік тереңдікте жатыр. Жауын-шашын өте сирек жауады, басқа су көздері жақын маңда жоқ. Дегенмен ені мен ұзыныдығы 4 метр болатын тастардан тереңдігі 4 метрлік іргетас қаланған. Оның қандай ауыр құрылысты көтеріп тұруға арналғанын ойлап көріңіз! Нақты бір қалыпқа келтіріліп салынған іргетас 205 және 185 метрлік өлшемде. Бұл зәулім, кең әрі мықты құрылғы. Ішінде 5 метрлік 28 бағанның орны қалған, ал қабырғалары қалыңдығы 2-3 метрлік қызыл құмтастан салынған», - деді Т. Молдақынов.

Өкінішке қарай бүгінгі күні осынау мықты архитектуралық құрылымнан тек нүкте сызықпен белгіленген іргетас пен көптеген бөлінген блоктар ғана қалды. 1905 жылы Әулиеата уезінің басшысы В. Калаур жазып кеткендей, сол кездегі тұрғындар Ақыртастың үйінделерін жаппай тасып әкеткен. Ол көбінесе теміржол көпірлерінің, іргетастар мен ғимараттардың құрылысы үшін және Түрксібтің құрылысына қолданылды. 1938-39 жылдары тек Ақ-Шолақ стансасында Ақыртастың тастарынан екі қойма мен ғимараттардың бірнеше іргетастары салынды.

«Жалпы алғанда архитектуралық құрылғының өзі биіктіктен қазіргі радиокестеге ұқсақ болып келеді. Зерттеушілердің болжамы бойынша, Ақыртас мықты табиғи энергияның «қозғалтқышы» болған. Мұнда уфологтар мен ғылым докторлары және профессорлар көптеп жиналуда. Жылына бір рет Ақыртасты зерттеп, өздерінің айтуынша, олар ғарышпен байланыс орнатады екен. Әдеттегі сандық фотоаппаратпен түсірілген сурет бар, онда 1-2 шақырым аралықтан түсірілген Ақыртастың ландшафты бейнеленген. Онда тау, таудың үстінде ғарыш кемесі ұшып бара жатқан бейне бар. Ол фотомонтаж емес, мен бұл суретті түсіруге өзім куә болдым», - деді Т. Молдақынов.

2014 жылдан бастап Ақыр-тастың «жұмбақтарын» зерттеудің келесі кезеңі басталады, тастарды тазалау және қайта қалпына келтіру жұмыстары жалғасады, деп мәлімдеді тарихшы.

Ақыртас туралы алғаш рет 1222 жылы Қытайдан Сайрам арқылы Самарқандқа, Шыңғысхан қосынына барған даосс тахуасы Чан Чуннің күнделігінде айтылады. Оның күнделігінен үзінді келтірер болсақ: «Жолда бізге тас қала кездесті: тастар қып-қызыл түсті, көне әскери құрылымның іздері бар. Батысқа қарай бағытталған Үлкен аю жұлдызы секілді орналасқан көлемді зираттық үйінділерді көрдік».

Кейбір зерттеушілердің пікірінше, сарай кешенін салуды Орта Азияға исламды тарату мақсатында жорыққа шыққан Абу Муслим Кутейбу бастаған. Ал Кутейбу сепаратистік пиғылда деп айыпталып, Бағдадқа шақырылып, өлім жазасына кесілгеніне байланысты, қала құрылысы тоқтап қалған.  

1861 жылдан бастап полковник Черняевтің саптағы суретшісі Знаменскийдің, бастауымен Ақыртас шаһарына инженер Луппорт, зерттеуші Д. Иванов, Қазақстан ғылым Академиясының қызметкері Г. Пацевич, жамбылдық журналист А. Айзахметов, қазақстандық археолог Карл Байпақов сапар жасап, зерттеу жұмыстарын жүргізген.

«Осы уақытқа дейін жоспардың ерекшелігі мен ауқымдылығы және «мықтылығы» жағынан, құрылыс барысында тастарды қолдануда Орталық Азия мен Қазақстанның аумақтарында бұл құрылымға әзірге тең келетін «туынды» табылған жоқ», - деп жазды «Ғылым Академиясының хабаршысында» Г. Пацевич.

Ақыртаста өткен ғылыми-тәжірибелік конференцияны республикалық «Киелі мұрамызға тағзым» - «Восстановление сакральных мест и памятников старины» акциясы аясында Жамбылдың «Нұр Отан» партиясы облыстық бөлімшесі ұйымдастырған. Конференцияның басты мақсаты - қазақстанның тарихи-мәдениетін, жәдігерін насихаттау және жастарды патриоттық рухта тәрбиелеу болып табылады.

Бүгінгі күні Қазақстанда 35 мыңға жуық архитектуралық, археологиялық және тарихи ескеркіштер бар. Олардың екеуі - Қожа Ахмет Яссауидің мазары мен археологиялық Тамғалы кешені ЮНЕСКО мұраларының тізіміне енді.