Бедеу отбасылардың 50 пайызы ерлердің денсаулығына байланысты болып отыр

Оның айтуынша, ерлер әйелдерге қарағанда дәрігерлерге үш есе аз көрінетіндіктен, олардың арасында ауруды ерте кезеңінде анықтау көрсеткіші төмен болып отыр. Соның салдарынан көптеген еркектер бедеулікке шалдығып жатады.
«Әлемде ешбір мемлекетте ерлер әйелдерден көп өмір сүрмейді. Мысалы Ресейде ерлер әйелдерге қарағанда, орташа есеппен 13 жылға кем ғұмыр кешеді, Қазақстанда бұл көрсеткіш 12 жыл. Орташа алғанда ерлер 57-60 жыл өмір сүреді. Демографиялық жағдайға байланысты мемлекет балалардың көп туылуын қалайды, ол үшін әйелдердің денсаулығына қамқорлық жасап, олардың алдындағы түрлі медициналық мәселелерді шешіп тастаған. Бірақ еркектердің денсаулығын кім ойлайды?! Нәрестелердің саны қалай өспек, егер бедеу отбасылардың 50 пайызы ерлердің кесірінен болса?! Әйелдерге қалай көңіл бөлінсе, ерлерге де сондай көңіл бөлінуі тиіс», - дейді А.Камалов.
Сонымен қатар, Ресей профессорының атап өткеніндей, ерлер жүректің ишемиялық ауруына әйелдерге қарағанда үш есе жиі, ал қант диабетіне алты есе жиі шалдығады екен. Соңғы бес жылда жыныс безі обырынан қайтыс болу сүт безі обырынан қайтыс болуға қарағанда, екі есе өскен. Бұның барлығы тек урологтардың мәселесі емес, тұтас медицинаның алдында тұрған өзекті түйткіл болып отыр.