Бедеулік деңгейі неліктен 16-17% түспей тұр – репродуктологтың жауабы

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Қазақстанда бедеулік деңгейі 16-17% пайыз. Бұл туралы Қазақстан репродуктивті медицинасының XVI Халықаралық конгресі барысында Вячеслав Локшин мәлім етті.

 Қазақстан репродуктивті медицинасының XVI Халықаралық конгресі
Фото: Қазақстан репродуктивті медицина қауымдастығы
 Қазақстан репродуктивті медицинасының XVI Халықаралық конгресі
Фото: Қазақстан репродуктивті медицина қауымдастығы

Белгілі отандық ғалым, қазақстандық репродуктивті медицина қауымдастығының президенті Вячеслав Локшиннің айтуынша, қазір орташа есеппен бедеулік жиілігі – 17 пайыз және бұл көрсеткіштің өздігінен азаю үрдісі байқалмайды.

Диагностиканың қазіргі заманғы әдістерінің дамуы бедеуліктің нақты себептерін анықтап, оны емдеу жолдарын іздеуге көмектеседі. Бедеуліктің 40%-дай жағдайы ерлердің репродуктивті жүйесі жұмысына байланысты. Ал аралас бедеуліктің жиілігі 30%-ды көрсетеді.

 Қазақстан репродуктивті медицинасының XVI Халықаралық конгресі
Фото: Қазақстан репродуктивті медицина қауымдастығы

«Алғашқы жылдары бала алдыру айтарлықтай төмендегенімен, қазіргі уақытта бұл көрсеткіш тұрақты және көпшілік контрацепцияны жеткілікті түрде қолданбайды. Сондықтан бедеулік деңгейі 16-17% деңгейінде сақталып тұр. Ерлер бедеулігі, әйелдер бедеулігінің себептері арасында жыныстық жолмен берілетін инфекциялардан болатын қабыну аурулары, аборттар және басқа да факторлар бар», - деді Вячеслав Лошкин.

Профессор репродуктивтік жүйенің бұзылуын болдырмау мәселелерінің маңыздылығын атап өтті. Жыныстық тәртіптілікті сақтау, ерте диагноз қою, отбасын дұрыс жоспарлау, антивирус гормонын тексеру қажеттігін атап өтті.

 Қазақстан репродуктивті медицинасының XVI Халықаралық конгресі
Фото: Қазақстан репродуктивті медицина қауымдастығы

2021-2024 жылдар аралығында елімізде 27 мыңнан астам экстракорпоральды ұрықтандыру (ЭКҰ) жасалды. 1 қарашадағы жағдай бойынша Қазақстанда «Аңсаған сәби» бағдарламасы аясында 9 мыңнан астам бала дүниеге келсе, 2 мыңға жуық әйел жүкті ретінде есепте тұр.

 Қазақстан репродуктивті медицинасының XVI Халықаралық конгресі
Фото: Қазақстан репродуктивті медицина қауымдастығы

Айта кетейік, Алматыда өткен халықаралық конгреске еліміздің жетекші ғылыми және клиникалық орталықтарының басшылары, акушер-гинеколог дәрігерлер, ЭҚҰ орталықтарының өкілдері, бедеулікті емдейтін андрологтар, эндокринологтар, эмбриологтар, хирургтар, генетиктер және молекулалық биологтар – Қазақстанның, Грузияның, Ресейдің, Беларусьтің, Өзбекстанның, Қырғызстанның, АҚШ-тың, Сербияның, Израильдің, Италияның, Германияның, Түркияның және Румынияның жетекші мамандары қатысты.

Осыған дейін 2025 жылы бірнеше медициналық анықтама электронды түрде берілетіні туралы жазған едік.

 Қазақстан репродуктивті медицинасының XVI Халықаралық конгресі
Фото: Қазақстан репродуктивті медицина қауымдастығы

 

Соңғы жаңалықтар