Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Beeline мүгедектерге арналған такси қызметін ұялы байланыспен қамтамасыз етті

АЛМАТЫ. 30 қаңтар. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - «КаР-Тел» ЖШС Алматы қаласындағы «Мүгедектер таксиі» жобасының мобильді операторы болды.

Beeline мүгедектерге арналған такси қызметін ұялы байланыспен қамтамасыз етті

Мүгедектер үшін тегін такси қызметі 2011 жылдың аяғында Алматы қаласы әкімдігінің әлеуметтік қорғау департаменті және мемлекеттік коммуналдық автомекеменің қолдауымен жүзеге асырылған болатын. Биыл «Мүгедектер таксиі» қызметінің барлық арнайы автокөліктері мен диспетчерлері тұрақты түрде Beeline ұялы байланысымен қамтамасыз етілді.

«Арбаға таңылған мүгедектер қоғамдық көлік қызметін пайдалана алмайды, сол себепті олар төрт қабырғада қамалып отырады. Енді арнайы автокөліктер арқылы мүгедектер қала ішінде шаруаларымен жүре алады, яғни барынша толыққанды іс-әрекет жасай алады. Алайда, такси қызметі тұрақты телефон байланысынсыз мүмкін емес. Біздің жобаның толыққанды жұмысын қамтамасыз етуіне үлкен үлес қосқан Beeline операторына алғысым шексіз», - дейді Алматы қаласының жедел медициналық қызметі МКАМ директоры Александр Дешевых.

«КаР-Тел» ЖШС-ның PR-менеджері Анар Жұмағұлованың айтуынша, мүгедектер таксиі аса қажет, сұранысқа ие қызмет. Beeline енді осы әлеуметтік жобаның серіктесі болып отыр. «Мүгедектер таксиі» қызметіне 7 777 315 58 10  нөмірі арқылы немесе Алматы қаласының аудандық емханаларының телефондары бойынша тапсырыс беруге болады.