Beeline «Үйдегі Ғаламтор» қызметінің абоненттеріне арнап жаңа тарифтік жоспарды ұсынды

АСТАНА. 19 қыркүйек. ҚазАқпарат - «КаР-Тел» ЖШС (Beeline СБ) «Үйдегі Ғаламтор» қызметін пайдаланушыларға арнап жаңа тарифтік жоспарының іске қосылғандығын хабарлайды, делінген компания баспасөз қызметіні ақпаратында.
None
None

Енді Beeline абоненттеріне Үйдегі Ғаламтор ішкі қорда жылдамдығы секундына 50 Мбит, ал жеке желіде секундына 100 Мбит-ке дейін қол жетімді.

«Біздің жаңа ұсынысымыз «Үйдегі Ғаламтор» қызметін пайдаланушыларға ұйымдастыру жөнінде тек жұмыс үшін ғана емес, сондай-ақ өзінің бос уақытын тиімді пайдалануға үлкен мүмкіндіктер береді. Біз Beeline ұсынған жаңа тарифтік жоспарлар Ғаламторға деген сұраныстың жоғары жылдамдығын арттырады, әрі дамытуға жаңа екпін береді деген үміттеміз», - деп атап өтті өз сөзінде 2DAYTelecom Бас директоры Виктор Грибан.

Ғаламтор желісінде жылдамдығына 50 Мбит секундпен жұмыс жасайтын және ғаламтор желісін белсенді пайдаланушыларға «Лимитсіз 50» тарифтік жоспары бар. Абоненттік төлем аталмыш тарифтік жоспарда бар болғаны 5900 теңгені құрайды.

Ал, жұмыс барысында тек жылдамдық қана емес, сондай-ақ тиімді бағаны қадір тұтатындарға Beeline «Лимитсіз 30» және «Лимитсіз 20» тарифтік жоспарларын ұсынады. Алғашқы ұсыныс бойынша жылдамдық 30 Мбит/секундты құрайды және абоненттік төлем 4600 теңге. «Лимитсіз 20» тарифтік жоспары жылдамдығы 20 Мбит/секунд және абоненттік төлемі 3900 теңге.

«Лимитсіз 5» тарифтік жоспары-әлеуметтік желіні пайдаланушыларға таптырмайтын ұсыныс. Ондағы жылдамдық секундына 5 Мбит. Абоненттік төлем 3600 теңге.

Толығырақ мәліметті ресми сайттан алуға болады: www.provod.beeline.kz

«КаР-Тел» компаниясы (Қазақстандағы Beeline бренді) және «СА-Телком» «ВымпелКом ЛТД» компаниясы тобына кіреді.

Компания ұялы байланыстың GSM 900/1800 стандартында, фиксациялық телефон, Интернетке жоғары жылдамдықты қосылу және FTTB өткізу технологиясы бойынша мәліметтерді беру қызметтерін көрсетеді. 2008 жылы Beeline Қазақстан Республикасы аумағында алғашқы болып GSM 1800 стандартында ұялы байланыс қызметін көрсетуге ресми рұқсат алды.

Beeline белсенді әлеуметтік ұстаным аясында түрлі балалар мекемелеріне нақты қолдау көрсетіп, сондай ақ білім беру және мәдениет салаларында әлеуметтік жобаларды іске асырады. Компания елдің барлық аймақтарында «Мобильді этикет» және «Мобильді сауаттылық» жобаларын қолдайды. Компания «Добровольное общество милосердия» қорымен бірлесіп денсаулығы нашар балалардың емделуіне қаражат жинауға арналған «Балаларға өмір сыйла», «Здоровая Азия» ҚҚ бірлесіп Қазақстандағы алғашқы балалар хосписін жабдықтау мен қолдауға қаражат жинау мақсатында «Тыныста, балақай», «Аяла» қорымен бірлесіп еліміздің перзентханалық орталықтарын өте қажетті медициналық жабдықтармен қамтамасыз етуге арналған акцияларын жүзеге асыруда.

Соңғы жаңалықтар