«Бек Эйр» Павлодардан Астана мен Алматыға қатынайтын жаңа рейстер енгізеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - 6 сәуірден бастап «Бек Эйр» авиакомпаниясының жаңа рейстері арқылы павлодарлықтар Алматы мен Астанаға ұша алады.
None
None

Бұл туралы Павлодар облысы құрылыс, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы жолаушылар тасымалы, көлік және байланыс бөлімінің басшысы Сауран Қарақұловқа сілтеме жасап Рavlodarnews.kz. хабарлады.

«Ендігі уақытта екі бағыт бойынша кесте құрылып, билеттерді сату басталды. Павлодар - Астана бағыты бойынша рейстер 7 сәуірден бастап аптасына 2 рет - дүйсенбі және сәрсенбі күндері баратын болады. Ал оңтүстік астанаға ұшақтар апта сайын дүйсенбі мен жұма күндері ұшады», - деді С. Қарақұлов. Еске сала кетейік, Павлодардан Астанаға тікелей рейстерді «Эйр Астана» және «Скат» әуе компаниялары орындайды. Жаңа «Бек Эйр» компаниясы рейстерінің ашылуымен ұшақтар астанаға аптасына жеті күн бойы қатынайды. Бұдан бұрын хабарлағандай, «Бек Эйр» 1999 жылы «бизнес джет» тасымалын жүргізу үшін құрылған болатын.

Соңғы жаңалықтар