БЭК-тің тең құқылы кеңістік екенін барлығы білуі тиіс - Елбасы

АСТАНА. 25 сәуір. ҚазАқпарат -Бірыңғай экономикалық кеңістіктің тең құқылы кеңістік екенін барлығы білуі тиіс.  Бүгін Ресейдің «Ресей-24» телеарнасына берген сұхбатында ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев осылай мәлімдеді.

БЭК-тің тең құқылы кеңістік екенін барлығы білуі тиіс - Елбасы

«Біз бұдан әрі Бірегей экономикалық кеңістікпен дамып келеміз. Ал үш мемлекеттік бірлестіктің міндеті - мақсатқа айқын қол жеткізу. Бұнда асығуға болмайды. Салмақты қадамдар жасауымыз керек. Бұның тең құқылы бірлестік екенін барлығы көруі керек», - деді Мемлекет басшысы сұхбат барысында.

Елбасы сонымен қатар, ағымдағы жылдың 1 қаңтарынан Бірегей экономикалық кеңістік құрылғаны жарияланғанын айтып, 2015 жылға қарай барлық уағдаластықтар заңдылыққа айналғанда барып, тағы  қосымша келісімшарттар жасалатынын атап өтті. Президенттің айтуынша, бұл кеңістік баршамыз үшін еркін, ашық болады. «Сол тұста барып, біз Еуразиялық экономикалық кеңістіктің құрылғаны туралы жариялауымыз керек», - деді Мемлекет басшысы.