08:29, 31 Наурыз 2010 | GMT +5
Бекмамбетов Франкенштейн туралы фильм түсірмек
СТАНА. Наурыздың 31-і. ҚазАқпарат - Танымал режиссер Тимур Бекмамбетов Питер Экройдтың «Виктор Франкенштейннің журналы» атты романын экранға шығармақ.
ҚазАқпарат бұл туралы Film.ru сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Бұл туынды шығарма бас кейіпкердің атынан баяндалатын Мэри Шеллидің "Франкенштейн» классикалық романының жаңа нұсқасы. Бекмамбетовтың жаңа жобасы туралы ақпарат режиссердің бас жоспарына еніп отыр.