«Бекіре – 2024»: Атырауда браконьерлерден 270 келі бекіре тәркіленді
АТЫРАУ. KAZINFORM – Атырау облысында заңсыз балық аулаған браконьерлерден 356 балық тәркіленді. Оның ішінде 270 келі бекіре тұқымдас балық бар.

Атырау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, 10 қыркүйектен бері «Бекіре — 2024» акциясы өтіп жатыр. Бұл акция 31 қазанға дейін жалғаcады.
«Жедел-профилактикалық іс-шарасы кезінде балықтың заңсыз айналымымен байланысты 59 құқық бұзушылық анықталды. Құқық бұзушыларға қатысты 3 қылмысқа қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр. Анықталған құқық бұзушылық бойынша айғақ зат ретінде 2 автокөлік алынып, балық аулауға арналған 21 құрал алынды. Заңсыз ауланған 356 келі, оның ішінде 270 келі бекіре балығы тәркіленді», — деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.
Тәркіленген балық «Жайық-Бекіре өсіру зауытына» тапсырылған.
Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырау облысының тұрғыны 27 келі бекіремен ұсталғанын
хабарлаған едік.