Бектас Мұхамеджанов ҚР Қоршаған ортаны қорғау вице-министрі болып тағайындалды

АСТАНА. 6 наурыз. ҚазАқпарат - 6 наурызда ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрі Нұрлан Қаппаров мекеме ұжымына жаңадан тағайындалған вице-министр Бектас Мұхамеджановты таныстырды.
None
None

Бұл туралы ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің баспасөз қызметінен хабарланды.

Бектас Мұхамеджанов 1957 жылдың 7 қарашасында Қызылорда облысында дүниеге келді.

1979 жылы Қазақ Мемлекеттік Университетін тәмамдады. Биолог, биология ғылымдарының кандидаты.

Университетті бітіргеннен кейін Қазақ КСР Ғылым Академиясы жүйесінде атқарған еңбегі нәтижесінде қатардағы лаборанттан аға ғылыми қызметкерлікке дейін жетті. Осы қызметі барысында 20-дан астам ғылыми еңбегін жариялап, 5 авторлық өнертабыс жөніндегі куәлік пен 1 ғылыми жаңалық ашу туралы куәлік алды.

1997 жылдан мемлекеттік қызметте. Әр жылдары ҚР Премьер-Министрінің кеңесшісі, ҚР мемлекеттік сатып алу жөніндегі Агенттік Төрағасы, ҚР Президенті Әкімшілігінің ұйымдастыру-бақылау бөлімінің Мемлекеттік инспекторы қызметтерін атқарды.

2005 жылдан бүгінгі күнге дейін Халықаралық қазіргі саясат институтының бас директоры, ҚР Тұңғыш Президенті Қорының атқарушы директоры, ҚР Тұңғыш Президенті Қоры жанындағы Әлемдік экономика және саясат институтының директоры лауазымдарын атқарды.

ҚР Үкіметінің 2013 жылғы 6 наурыз күнгі № 219 қаулысына сәйкес, Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау вице-министрі болып тағайындалды.

Соңғы жаңалықтар