Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Бекжан Бапышев Абай облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалды

АСТАНА. KAZINFORM — Аймақ басшысы Берік Уәли бүгін облыс активіне жаңа әкімді таныстырды, деп хабарлайды Абай облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Бекжан Мейрамбекұлы Бапышев
Фото: Абай облысының әкімдігі

— Президент Әкімшілігінің келісімімен, Абай облысының әкімі Берік Уәлидің өкімімен 2026 жылдың 23 шілдесінен бастап Бекжан Мейрамбекұлы Бапышев облыс әкімінің орынбасары лауазымына тағайындалды, — делінген хабарламада.

Бекжан Мейрамбекұлы Бапышев Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келген. 2011 жылы С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетін «Құқықтану» мамандығы, 2024 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының магистратурасын «Мемлекеттік саясат» мамандығы бойынша тәмәмдады.

Еңбек жолын Астана қаласы Алматы ауданы әкімінің аппаратында бастаған.

2013-2015 жылдары Астана қаласы Сарыарқа ауданы әкімінің аппаратында өндірістік-техникалық, тыныс-тіршілікті қамтамасыз ету және инфрақұрылым бөлімдерінде бас маман, 2015-2016 жылдары Алматы ауданы әкімінің аппаратының мүлікті жария ету комиссиясында, өндірістік-техникалық бөлімде техник, бас маман, бөлім басшысы болып еңбек етті.

Әр жылдары Астана қаласы Есіл ауданы әкімінің аппаратында инфрақұрылым бөлімі мен Астана қаласы Алматы ауданы әкімінің аппаратында абаттандыру және өндірістік-техникалық бөлімдерін басқарып, Астана қаласы Алматы ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарды.

2025-2026 жылдары Семей қаласы әкімінің орынбасары, қала әкімінің міндетін атқарушы (алты ай), облыстық Құрылыс басқармасының басшысы болды.

Тағайындалғанға дейін Абай облысы туризм басқармасының басшысы қызметін атқарды.

Осыған дейін Шығыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары тағайындалғанын жаздық.