Бельгия парламентінің төменгі палатасы паранжаға салынған тыйымды мақұлдады
АСТАНА. Сәуірдің 30-ы. ҚазАқпарат - Бельгия Парламентінің төменгі палатасы паранжа киюге тыйым салған заң жобасын мақұлдады,
деп хабарлады «Маяк» радиостансысы. Аталмыш құжат әйелдерге қоғамдық орындарда беттерін жабатын киіммен жүруге тыйым салады. Егер заң күшіне енсе, Бельгия өз аумағында паранжа киюге толық тыйым салып отырған бірінші ел атанғалы отыр.
Заңды бұзушыларды 25 еуроға дейін айыппұл немесе 7 күнге дейін түрме күтіп тұр.