Бельгия полициясы күдікті 6 адамды тұтқындады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бельгия полициясы лаңкестікке қарсы операция жүргізіп, Брюссель маңындағы жанармай бекетінде 6 адамды тұтқындады. Бұл туралы Бельгияның La Libre Belgique газеті хабарлап отыр.
None
None

Арнайы рейд жергілікті уақыт бойынша сағат 15:00-де Брюссельден 20 шақырым қашықтықта орналасқан Бьерж ауданында басталған. Арнайы шара кезінде бірнеше жедел жәрдем көлігі мен полиция көлігі шетелдік нөмірлі автомобильдің ізіне түскен. Рейд барысында кемінде 6 адам қолға түсіп отыр.

Белгілі болғандай, Франция және Бельгия билігі іздеу салған Париждегі лаңкестік әрекетке қатысы бар Салах Абдеслам аталған жанармай бекетінде жиі тоқтаған көрінеді, деп жазады 24.kz.

Соңғы жаңалықтар