Бельгияда болған ірі жол апатында 30 көлік соқтығысты

БРЮССЕЛЬ. 14 ақпан. ҚазАқпарат - Бүгін Румбеке елді мекенінің жанындағы көлік магистралінде болған ірі жол апатында 30 көлік соқтығысты, соның салдарынан бірнеше адам зардап шекті, деп хабарлайды жергілікті БАҚ.
None
None

Куәгерлердің айтуынша, апатқа жаңбырдан кейінгі тайғақ жол себеп болды. Жүргізушілер тежегіштерін басуға үлгере алмай, алдарында келе жатқан көліктерге соқтығысты. Румбеке маңындағы көлік жолында көптеген шақырымдарға созылған көлік кептелісі орнады.

Жол апатының салдарынан бірнеше адам жеңіл жарақаттар алды.

Соңғы жаңалықтар