Бельгияда тоғыз адам қираған үйдің құрбандары болды
АСТАНА. Қаңтардың 28-і. ҚазАқпарат - Бельгияның Льеже қаласындағы бес қабатты үйде болған жарылыстан және оның құлауынан болған құрбандардың саны артты,
деп хабарлайды ҚазАқпарат РИА «Новости» агенттігіне сілтеме жасап.
Нақтыланған деректер бойынша 21 адам жарақаттанды, олардың үшеуі ауыр халде жатыр.
Жарылыс Бельгияның батысында орналасқан Льежа қаласының орталығындағы тұрғын үйде сәрсенбі күні таңертең болды.