Бельгияның премьер-министрі қызметінен кетпек

БРЮССЕЛЬ. ҚазАқпарат - Бельгияның Премьер-Министрі Шарль Мишель мемлекет басшысына өзінің қызметінен кететіні туралы хабарламақ. Бұл туралы үкімет басшысы өзінің парламентте сөйлеген сөзінде мәлім етті.
None
None

«Мен өзімнің сөзім арқылы сендіре алмағанымды біліп отырмын. Оған ешкім мән бермеді. Мен бұл жағдайды жақсы түсінемін және назарға алып отырмын. Мен қызметімнен кетемін және бұл туралы шұғыл түрде корольді хабардар етпекпін»,-деді Ш.Мишель.

Министрлер кабинетінің басшысы бұл мәлімдемесін бірнеше саяси партияның үкіметке артылып отырған сенімді дауысқа қою туралы ұсыныс енгізген соң жария етті. Бұған дейін Ш.Мишельдің либералды «Реформаторлық қозғалысының» одақтастары ұлттық «Жаңа фламанд альянсы» биліктің коалициясынан шығып кеткен болатын. Оған премьер-министрдің БҰҰ-ның миграциялық пактісіне қол қоюы себеп болып отыр.


Тимур Дүйсекеев

Соңғы жаңалықтар