Беларусь Цангер комитетіне қосылды - БР СІМ

МИНСК. 7 ақпан. ҚазАқпарат /Айтуар Мамлин/ - Ядролық саладағы экспорттық бақылаудың халықаралық режімінің бірі - Цангер Комитетіне Беларусь Республикасының мүшелігін ресімдеу шарасы аяқталды,
None
None

деп хабарлады Беларусь Республикасының Сыртқы істер министрлігінен.

Республиканың бұл режімге қосылуы туралы шешімді Комитет мүшелері 2010 жылдың қараша айында қабылдаған болатын. Аталмыш Комитетке Беларусьті қосқанда 38 мемлекет мүше.

Ұйымның бірінші төрағасының құрметіне аталған Цангер комитетінің аясында ядролық материалдар мен жабдықтардың тізімі әзірленген және ядролық қаруы жоқ және Ядролық қаруды таратпау туралы шартқа мүше емес елдер үшін осы жоғарыдағы тізімдегі ядролық заттардың экспортына қатысты ережелер жасалған.

Соңғы жаңалықтар